Астанада зағип және нашар көретін жандарға арналған кітапханада дыбыс жазу студиясы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада зағип және нашар көретін жандарға арналған кітапханада дыбыс жазу студиясы ашылды

29.06.2018

Бұл «Болашақ» корпоративті қорының тартуы. Студияда 3 мыңнан астам баспа цифрланады. Алғаш болып ақын Қалқаман Сариннің «Тамшы тағдыр» атты өлеңдер жинағы дыбысталды. Шара бірінші рет ұйымдастырылған ғылыми-практикалық конференция аясында өтті. Оған елдегі зағип және нашар көретін азаматтарға арналған 16 кітапхананың қызметкерлері қатысты.

Динара Шайжүнісова, «Болашақ» корпоративті қорының директоры:

- Ерекше балалардың өзгелермен тең дәрежеде сапалы білім алуына жағдай жасау – көп мақсатымыздың бірі. Жаңа дыбыс жазу студиясы талантты жастарды танытуға да сеп болмақ. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамда өзін еркін сезінуіне әрдайым көмектесеміз.

Нұрбек Боранбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің басқарма сарапшысы:

- Облыстық кітапханалар мен республикалық кітапханада Брайль қарпімен жазатын қондырғылар бар. Соларда қажет кітаптарды басып шығарады.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу