Басты Жаңалықтар Қауіпсіздік мәселесіне үлес қосып жүрген Ұлттық арна журналистері марапатталды

Қауіпсіздік мәселесіне үлес қосып жүрген Ұлттық арна журналистері марапатталды

Салтанатты шара Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні және «Сақшы-На страже» газеттерінің 85 жылдығына арналып отыр. Құқық қорғау саласында салмақты тақырыптарды көтеріп, қауіпсіздік мәселесіне ерекше үлес қосып жүрген 34 журналистке түрлі деңгейде сый-сияпат жасалды. Ардагер қаламгерлерге «Қазақстан полициясының 25 жылдығы» төсбелгілері табысталса, радио, интернет және мерзімді басылымның қызметкерлері де марапатталды. Солардың қатарында «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының шеф-редакторы Айдос Нығманов Құрмет грамотасын, ал, «Мәселе» бағдарламасының жүргізушісі Нартай Аралбайұлы алғыс хат алды. Марапат соңы эстрада және Ұлттық ұлан ансамблі жұлдыздарының қатысуымен өткен концертке ұласты.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу