Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа бағдарламасы 10 басым бағытты қамтиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа бағдарламасы 10 басым бағытты қамтиды

28.06.2018

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы 10 негізгі міндетті орындайды. Аталған бағдарламаға өткен аптада заман талабына сай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев айтты. Бағдарлама көздейтін басым бағыттардың ішінде азық-түлік қауіпсіздігі мен қолжетімді қаржы, тиімді салық жүйесі мен аграрлы ғылым, цифрландыру мен техникалық жабдықтау және жер су ресурстарын дамытудың нақты тетіктері жазылған. Бағдарлама соңында орындалуы қажет нақты көрсеткіштер бар. Мысалы, 5 жылда ауылшаруашылығы өнімінің экспортын 2,5 есе арттыру туралы меже бар. 

Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі:

- Мемлекеттік бағдарламада біраз өзгерістерді қарастырып отырмыз. Верикалды түрде республикадан облысқа, ауданнан округқа дейін құрылуда. Бұл жерде жауапкершілігі де ресурстары да барлығы бекітілетін болады.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу