Қазақстанда 50 мыңға жуық шетелдік жұмыс істеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 50 мыңға жуық шетелдік жұмыс істеп жатыр

27.06.2018

Қазақстанда 50 мыңға жуық шетелдік азамат жұмыс істеп жатыр. Олардың басым бөлігі Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен келген. Бүгін Мәжілісте Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасындағы келісімді ратификациялау жөнінде заң мақұлданды. Бұл құжатқа сәйкес, өндірістегі жазатайым оқиғаларды қол қойған мемлекет мамандары бірлесіп тергейді. Яғни, қандай да бір жағдай болса, жұмыс беруші тиісті акт толтырып, оның көшірмесін жұмысшының еліне міндетті түрде жіберу тиіс

Бүгін алтыншы шақырылған Парламент Мәжілісінің үшінші сессиясының соңғы жалпы отырысы. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, бұл сессия Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Мәжілістің алдына қойған маңызды міндеттері мен тапсырмаларын орындауға арналды. «Президент Парламентте өзінің Бес әлеуметтік бастамасын жариялаған болатын. Сондықтан, осы бастамаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету депутаттардың бұл сессиядағы негізгі міндеттерінің бірі болды», - деді Мәжіліс төрағасы. Осы кезеңде Палата қарауында 128 заң жобасы болып, оның 91-і мақұлданып, Сенатқа жолданған.

 

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу