Оған іргелі ЖОО-ның өкілдері, білім беретін мекемелердің жетекшілері қатысты. Алқалы жиында білім саласындағы жемқорлықтың себептері талқыланды. Сондай-ақ, жемқорлық тәуекелдерін азайтудың жолдары қарастырылды. Жиналғандар білім сапасын жақсартудың түрлі әдістерін ұсынды. Әрі «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің алдағы уақыттағы жарқын жоспарлары кеңінен сөз болды.
Қайыржан Токушев, «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі:
- Біз өткен екі айдың ішінде көптеген талдау жұмыстарын жүргізіп, білім саласындағы кейбір проблемаларды, сыбайлас жемқорлыққа апарып соғатын жаңа тәуекелдерді анықтадық. Бүгін үлкен жиын өткізіп, соны жарияламақпыз.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.