Еліміздегі медициналық техниканың 25 пайызы ғана тиімді қолданылады. «ҚазМедТех» акционерлік қоғамы жүргізген бақылаудың қорытындысы осындай. Медицинаның мүшкіл хәлі қозғалған жиында мұның басты себептері де мәлім болды. Жыл сайын техникаға қыруар қаржы бөлінгенімен, оның тиімді пайдаланылуы мен дер кезінде жөнделуін қадағалайтын орган жоқ. Бұл міндеттің дәрігерлерге жүктелгені дұрыс емес.
Сарапшылар осылай дейді. Ақ халаттылар тек адам денсаулығына, ал медициналық техниканың жұмыс істеуіне арнайы компания жауап берсе, жағдай реттелмек. Немесе қымбат техниканы қажет ететін медициналық көмектерді тек арнайы мекемелер жасайтындай қызметтік жүйе енгізу ұсынылып отыр.
Альбина ӘШІМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.