«Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова Павлодар облысы оқушыларының ІТ-технологияларды қалай игеріп жатқандығымен танысты. Қазір аймақтың қалалары мен аудан орталықтарында ғана емес, шалғай ауылдардың өзінде балаларды ІТ-білімге баулу жобасы іске асырылуда.
Одан бөлек, «ақылды технологиялар» бағдарламасы аясында электронды кітапхана, адамның түрін, саусақ бедерін анықтау арқылы мектепке кіргізу, асханада қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі орнатылған. Бұл республикада алғаш қолға алынған ұшқыр жобалар. Тамара Дүйсенова балалардың өздері жасаған компьютерлік бағдарламалар, веб-сайт, анимация және мобильдік қосымшалармен танысты. «Балаларға арналған тегін ІТ-сыныптар» партиялық жобасы 3 жылға жоспарланған.
Тамара Дүйсенова, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:
- Информатика пәніне қосымша, кеңейтілген түрде өздері жаңа бір бағдарлама жасай алатындай жаңа сервистік үйрету мәселесі тұр. Павлодар облысында бұл жұмыс өте жақсы жүріп жатқандығын көріп отырмын.
Болат АМАНБАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.