Павлодарда еліміз бойынша алғашқы мемлекеттік қызмет музейі ашылды. Бұл кездейсоқтық емес. Себебі, осыдан дәл 20 жыл бұрын тұңғыш мемлекеттік қызмет басқармасы осы аймақта жұмысын бастаған болатын.
Ұшқыр жоба нәтижелі болып, Павлодар өңірінде жинақталған тәжірибе негізінде Қазақстанның барлық облыстарында жаңа басқарма ашылды. Музей қонақтары архивтік суреттерді көріп, сол кездердегі құжаттармен танысты. Әсіресе, әкімшілік мамандары қолданған қойын кітапшалары, баспа машинкалары жұрттың қызығушылығын тудырды. Құнды мұрағаттар арасында 1-ші шақырылған Жезқазған аудандық кеңесінің халық депутаты Қаныш Сәтбаевқа 1939 жылы берілген қызметтік куәлік бар.
Әділбек Мұқашев, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысы:
- Бұл музейді ашудағы мақсатымыз - 20 жыл бұрын құрылған мемлекеттік орган жайлы тарихи деректерді сақтап қалу. Қазіргі жастарымыз мемлекеттік қызметтің маңыздылығын жете түсінуі керек. Ол уақытта жұмыс істеген аға буын бойында отансүйгіштік сезім, жауапкершілік, ар тазалығы деген басты орында болған.
Болат АМАНБАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.