Журналистика факультетінің үздік студенттерін іріктейтін сайыс өткізіп, жеңімпаздарға жұмыс ұсыну керек – Д.Абаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналистика факультетінің үздік студенттерін іріктейтін сайыс өткізіп, жеңімпаздарға жұмыс ұсыну керек – Д.Абаев

22.06.2018

Журналистика факультетінің үздік студенттерін іріктейтін сайыс өткізіп, жеңімпаздарға жұмыс ұсыну керек. Ақпарат және коммуникациялар және Білім және ғылым министлерінің ведомствоаралық басқосуында Дәурен Абаев осындай ұсыныс айтты.

Ал, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев журналист болу үшін 4 жыл оқу міндет емес. Есесіне, 2,5 жыл оқып, білімін тәжірибемен ұштастырса жеткілікті деген ой айтты. Отандық журналистердің кәсіби шеберлігі сөз болған жиында саладағы көптеген түйткілді мәселелер көтерілді.

Елімізде қазір 28 университеттің 24-і журналистика мамандығы бойынша білім береді. Ал, осы жоғары оқу орындарынан түлеп ұшқан шәкірттер өз мамандығына сай ма, бұл бөлек әңгіме,-дейді түрлі БАҚ жетекшілері.  

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу