Цифрлы сауаттылықты арттыру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Цифрлы сауаттылықты арттыру керек

22.06.2018

Тұрғындардың цифрлы сауаттылығын арттыруда «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» маңызды рөл атқаруы тиіс. Алайда, адамдар электронды жүйенің тиімділігін, тіпті, қандай қызмет түрлері барын біле бермейді. Соның салдарынан орталықтарда кезек күткендер қарасы әлі де көп. Павлодарға барған Мәжіліс депутаттары  осы олқылықтарды жою жолдарын ұсынды. Қазақстан ТМД елдері бойынша алғашқы болып проактивті қызметтерді енгізді. Трансформациядан өткен орталықтарда «бір өтініш» қағидаты бойынша бірнеше қызмет бір мезетте көрсетіледі. Жас босанған аналар перзентханадан шықпай-ақ сәбидің туу туралы куәлігін алып, балабақшаға кезекке қояды. «Осындай жаңашылдықтың жұрт игілігін көруі тиіс», - дейді халық қалаулылары.

 Майра Айсина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазіргі таңда 726 мемлекеттік қызмет көрсетіліп отыр. Соның 80 пайызы қазір ХҚКО арқылы көрсетіледі. Сол 80 пайыздың қақ жартысын адамдар үйде де отырып ала беруге болады. 

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу