Басты Жаңалықтар Көкшетау техникалық институтын биыл бітірген 108 түлек лейтенант шенін алды

Көкшетау техникалық институтын биыл бітірген 108 түлек лейтенант шенін алды

Еліміздегі азаматтық қорғаныс саласының жалғыз жоғары оқу орны Көкшетау техникалық институты 20-шы түлектерін шығарып салды.  Институт осы аралықта 4,5 мыңнан астам маман даярлап шығарған. Ал, биыл бітірген 108 түлектің барлығы лейтенант шенін алды. 4 жыл оқыған жас мамандар теориядан бөлек құтқару жұмыстарына әбден машықтанған. Мәселен, олар Атбасар қаласы мен Оразақ ауылын көктемгі ағын су басып қалғанда тәжірибелі құтқарушылармен иық тіресе бірге қызмет атқарды.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге де атсалысты. Бүгінгі түлектер қызмет ету үшін еліміздің барлық өңірлеріне жолданбақ. 

Бердібек Тұрсынбай, Көкшетау техникалық институтының түлегі:

- Алдағы уақытта біз Отанымызға адал қызмет етіп, Қазақстан халқын түрлі табиғи және техникалық апаттардан құтқарып, елімізге адал қызмет етеміз. 4 жыл ішінде бізге білім берген, әскери тәртіпке үйреткен профессорлық-офицерлік құрамға алғысымыз шексіз. 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу