Қазақстандық 40 офицер Таяу Шығысқа аттанады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық 40 офицер Таяу Шығысқа аттанады

22.06.2018

Қараша айына дейін 40 адамнан құралған қазақстандық бітімгершілік рота Ливанға аттанады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров айтты. Қазақстандық рота Үнді қарулы күштері контингентінің құрамында қызметін атқармақ. 1-ші қаңтардан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі жұмысын бастады. Ұйым ұстанымына сай, Қазақстан жер жетіндегі бейбіт өмірді қолдаушы мемлекет ретінде әскери байқаушылар мен бітімгершілерді жөнелтуі тиіс. 

Талғат Мұхтаров, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

- Келісімге сай, БҰҰ жарғысына сәйкес, 6 ай сайын ротация болып тұрады. Жоспарға сай, бірінші ротация алты айдан кейін болады.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу