3 мың гектарлық егістік полигоны құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

3 мың гектарлық егістік полигоны құрылады

22.05.2018

Еліміздің астық шаруашылығы ғылыми өнідірістік орталығында 3 мың гектарлық егістік полигоны құрылады. Бұл туралы аталған мекеменің директоры Кенже Абдуллаев мәлімдеді. Бұл игі бастама егін технологияларын көбейтіп, бидайдың үздік отандық сорттарының әлеуетін арттыру үшін жасалып отыр. Жобаның негізгі мақсаты  - солтүстік аймақтарда егін шаруашылығын одан әрі  дамыту.

Жаңа полигон заманауи технологиялармен жабдықталатын болады. Оның арқасында шығын көлемі азайып, өнім саны және сапасы артады. Естеріңізге сала кетейік, бұл мәселені Мемлекет басшысы биылғы халыққа Жолдауында айтқан. 

Кенже АбдуллаевА.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының директоры:

- Бұрынғы технологиямен салыстырғанда бұл технологияның өзі үлкен өнімділікті арттырады. Мысалға алсақ, ғылыми орталықтың өзінде 100 миллионнан аса дәрі-дәрмек алатынбыз. Технологияның арқасында мұнай өнімділігін 50 пайызға арзандатамыз.

Бақытжан ОМАР

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу