Қазақстан астаналарының тарихы туралы сирек кітаптар мен әлемнің ірі кітапханаларынан әкелінген басылымдар елордада көрмеге қойылды. «Әлем астаналарының шежіресі» деп аталған халықаралық шара Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Көрмеде қазақ елінің тұңғыш астаналары Орынбор, Қызылорда, Алматы қалалары жайлы 1920-1950 жылдар аралығында жарық көрген ерекше кітаптар, мерзімді басылымдар бар. Сондай-ақ, елорда тұрғындары мен қонақтарына дүниежүзінде астаналарын бір қаладан екінші қалаға ауыстырған мемлекеттер туралы тарихи жазбалар қойылған. Ал, көрменің ең көне, әрі құнды шығармалары – Италиядан әкелінген үш қолжазбаның көшірмелері. Бірі Ренессанс дәуірінің ұлы математигі Лука Пачолидің кітап көшірмесі, екіншісі 4-5 ғасырдағы ежелгі грек кодексі «Ильяс-Пикта» болса, үшінші жәдігер - Франческо Петрарканың Вергилия жұмыстары бар туынды. Құндылығы жағынан түпнұсқаға татитын көшірмелердің тарихы тереңде жатыр.
Эдуардо Канетта, «Амброзиана» кітапханасының профессоры (Италия):
-Лука Пачоли - математик. Ол Леонардо да Винчидің жақын досы болған. Бұл көшірмелердің 500-600 жылдық тарихы бар. Қолжазбаға Леонардо да Винчидің суреттері енгізілген. Бұл жазбалар – ғылыми жұмыстар. Сонысымен де құнды. Үші кітаптан бөлек, мен арабша қолжазбалардың көшірмесін әкелдім. Оны сіздердің Ұлттық кітапханаларыңызға сыйладым.
Альбина ӘШІМ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.