Алматы облысында ғалым Мұхтар Арынның ескерткіші ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында ғалым Мұхтар Арынның ескерткіші ашылды

15.05.2018

Алматы облысында қоғам қайраткері, педагог-ғалым, тіл жанашыры Мұхтар Арынның ескерткіші ашылды. Бақалы ауылында бой көтерген мүсінді ғалымның ұрпақтары орнатты. Мұхтар Арын - Жетісу өңірінің төл перзенті.

Ол кеңестік кезеңде жабылып қалған қазақ мектептерін ел Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында қайта ашылуына, жер-су атауларының қазақшалануына үлесін қосты. Тіл мен дінді, тарих пен дәстүрді, туған жерді бес анық деп топтастырған еңбектерін зиялы қауым әлі күнге дейін зерттеп келеді. 

Райхан Арын, М.Арынның жары:

- Бұл ескерткіш жас балаларға, ұрпақтарға үлгі болар. Келешекте осы Мұқаңдай жақсы адам болып, адамгершілігі мол, парасатты, зиялы адам болсын. 

Амангелді Айталы, профессор:

- Мұқаң Бақалының, Сарқан ауданының, Алматы облысының Мұқаңы емес. Мұхтар Арын ол - қазақтың үлкен тұлғасы. Мұхтар Арын әр жерге де қымбат. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу