Капиталды заңдастыру жұмыстары басталып кетті
Үкімет коммуналдық тарифтердің өсіміне мораторий енгізуі мүмкін. Мақсат - жылдық инфляцияны 6-8 пайыздық дәліз деңгейінде ұстап тұру.
Бұған Ұлттық банк пен Үкімет бірдей мүдделі болуы керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қайрат Келімбетов айтты. Әзірге, 2014 жылдың І тоқсанындағы инфляция 3,3 пайыздан асқан жоқ.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына салымшылардың қаржысын жинақтау жұмыстары да аяқталып келеді.
Бүгінге дейін 4 триллион теңге зейнетақы қорына аударылған. Сондай-ақ, Бас банкир қаржы секторын дамытудың 2030-жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленетінін айтты.
Стратегиялық құжатта жұмыс істемей жатқан несиелер мәселесін шешуге айрықша мән беріледі. Қазір Ұлттық банк қызметкерлері Елбасының қаржыны заңдастыру бойынша берген тапсырмасын орындауға қызу кірісіп кетті.
Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:
Негізгі мақсат - қаржыны екінші деңгейлі банктердің депозиттеріне салу. Бұл мақсатта біз қазір арнайы Заң жобасын талқылап жатырмыз. Осы айдың аяғына дейін Парламенттің қарауына жібереміз. Жаздан бастап, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізе бастаймыз. Егер осы жұмысты жалғастыратын болсақ, келесі жылдың соңына дейін еліміздің банк жүйесіне бірнеше миллиард доллар келеді.
Досымжан ЕРМҰРАТ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08