Аралды сауықтыру жұмысына Орталық Азиядан бөлек, өзге де мемлекеттер атсалысып жатыр. Себебі, теңіздің тартылуы салдарынан шаң мен улы тұз желмен көкке көтеріліп, тозаңы Еуропа мен Антарктидаға дейін жетті. Демек, қатер әлемдік деңгейде. Сондықтан, Қазақстан мен Өзбекстан, Еуропа одағы және америкалық қордан экожүйені жақсарту үшін 5 жобаға 30 млн. доллардай бөлінген. Алдағы уақытта тағы соншама қаражат қаралмақ. Жалпы, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамуын қамтамасыз етуде Орталық Азия елдері әріптестікте қызмет етіп жатыр.
Медет Жәдігерұлы, ҚР АШМ су ресурстары комитетінің бас сарапшысы:
-Үлкен Аралға су артығымен тасталып жатыр. Кіші Аралды қажетті 42 балдық деңгеймен ұстап тұрмыз. Арал өздеріңіз білесіздер, Арал қаласына дейін жақындады.
Нысаналы ЫҒЫЛ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.