Таяу Шығыстағы қақтығыс: Сарапшылардың пікірі қандай?
АҚШ президенті Д. Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашуға 48 сағат уақыт берді. Трамптың айтуынша, белгіленген мерзімде талап орындалмаса, АҚШ Иранның электр станцияларын «жер бетінен жояды».
АҚШ жаяу әскер кіргізбейтінін айтқанмен, дәл солай істемейтініне кепіл жоқ. Себебі Д. Трамп әу баста ойлағандай оңай «операцияға» ұқсамай қалды.
Түнде Иранның Израильдің Димона мен Арад қалаларына жасаған баллистикалық зымыран шабуылынан 100-ден астам адам зардап шекті.
Аманкелді Сейтхан, тілші:
Әли Лариджанидің қазасынан кейін Ирандағы жағдай күрделі. Өйткені, Лариджани тек әскери қолбасшы болған жоқ, стратег болды.Соғысты қалай жүргізуді үйлестіріп отырды. Бірақ ол көз жұмса да Иран АҚШ пен Израильға қарсылығын тоқтатар емес. Себебі, Аятолла Әли Хаменеи өлтірілгеннен кейін, Иран билігі «сақшылар корпусының» қолына өткен. Оны үш адамнан тұратын топ басқарып отырды. Онда Лариджанидан бөлек, Жоғарғы сот билігінің басшысы Ғолам Хұсейн Мохсени Ежеи, Иран парламентінің спикері Мохаммед Багер Галибаф бар. Енді осы лидерлер соғысты жалғастырып жатыр. Яғни, Ирандағы қазіргі режимнің бір басшысы қаза тапса орнына екіншісі, үшіншісі шығады. Сондықтан АҚШ пен Израильдың Иран лидерлерінің көзін жою арқылы жеңіске тез жетеміз деген мақсаттары әзірге орындалмады.Жәнібек Көпжасар, ирантанушы:Басында көптеген сарапшылар Иран ол Венесуэла емес, Ирак емес екенін айтты. Тіпті, АҚШ-тың өзінің Трамптың жанындағы кеңесшілері, оның ішінде Таяу Шығыс бойынша өкіл Виткоф, күйеу баласы Кушнер олардың бәрі соғысқа қарсы болған. Өйткені, олар сол Таяу Шығыстың маманы.
Аманкелді Сейтхан, тілші:
Осылайша, басында тек стратегиялық-әкімшілік нысандарды ғана атқылаған АҚШ пен Израиль кейін Иранның энергетикалық нысандарына шабуылдады.Ең ауыр соққы Иранның Оңтүстік Парсы газ кенішіне жасалды. Бұл тек Иран емес әлемдегі ірі газ кешендерінің бірі. Оған жауап ретінде Иран өз іргесіндегі Араб елдерінің мұнай-газ кешендерін бомбалады. Екі жақтан бірнеше зауыт істен шықты. Оның арты енді әлемдік дағдарысқа әкелуі мүмкін. Ал, Ормуз бұғазындағы қауіпсіздік үшін күреспедіңдер деп Дональд Трамп НАТО-дағы одақтастарын «қорқақтар» деп атады. Дегенмен, кеше бұғаздан танкерлерді өткізу қайта басталғаны хабарланды. Бірақ, бұл жолы ақылы. Тегеран сауда кемелерін өткізу үшін «баж салығын» енгізген. Оның арты әлемдік қымбатшылыққа әкелуі мүмкін. Тағы бір маңызды деталь Ормуз бұрынғыдай қалыпты жағдайға қайта көшкеннің өзінде басталып кеткен дағдарыс тез бітеді деу қиын. Себебі Парсы шығанағындағы, Араб елдеріндегі мұнай зауыттары бұзылды. Оларды қалпына келтіру үшін кемі 1 жыл кетуімүмкін,- дейді сарапшылар.Мұнай бағасы күрт өсіп кеткенде АҚШ-та, Еуропа елдері де резервтік қорындағы мұнайды сатуға шығарған. Бірақ сарапшылардың сөзінше, ол бағаны ұстап тұруға жетпейді.Сол себепті мұнай күн сайын қымбаттап барады. Оның ішінде Қазақстан мұнайының бағасы да өскен. Себебі Қазақстандық CPC Blend мұнайы Брент маркасына индексация жасалған. Бірақ Бренттен 5 долларға арзан сатылады. Соған қарамастан, қазіргі баға Қазақстан үшін қысқа мерзімде өте тиімді. Бірақ соғыс ұзаққа созылса оның пайдасы сезілмей қалуы мүмкін.
Еркебұлан Салкен, мұнай-газ сарапшысы:
Мұнайдың бағасы қымбаттағаннан кейін мұнайдан өндірілетін тауарлардың бағасы өседі. Мұнай транспортының сақтандыруы күрт өсіп кетті. Әсіресе, жаңағы Парсы шығанағы арқылы. Оған қоса Қара теңіз арқылы тасымалдауда бағасы өсіп кеткен.
Аманкелді Сейтхан, тілші:
Ең бастысы, қазір Қазақстан мұнайын тасымалдауда қиындық жоқ. Дегенмен, соғыс аумақтық қақтығысқа ұласса ондай мәселе туындауы мүмкін.Өйткені осы аптада Израиль Иранның Каспий теңізіндегі кемелеріне шабуыл жасады. Бұл шабуыл қазірдің өзінде мұнай болмаса да, басқа тауарларды тасуға кедергі келтірді. Себебі, Ақтау порты арқылы өтетін құрғақ жүктің95 пайызы Иранға жөнелтіледі. Оның басым бөлігі Энзели портына барады. Ал 19 наурыз күні сол Бендер-Энзели қаласына соққы жасалды.Израильдің бас штабы соғыс әлі бірнеше аптаға созылады,-деді. АҚШ президентінің жоспары да солай. Бірақ, Трамптың саясатын қазір сынаушылар көп.Мысалы, сенаторлар Иранға қарсы операцияқате есепке сүйеніп бастадған, қазір жағдайбақылаудан шығып кетті деп мәлімдеді. Соның салдарынан, АҚШ-қа жоспардан көп шығын келген. Мысалы, The Washington Post басылымының жазуынша, соғыстың бірінші аптасында-ақ АҚШ 11 млрд доллар жұмсаған. Осы үш аптада қару-жарақ қоры едәуір азайған. Сондықтан қорғаныс министрлігі Ақ үйден тағы 200 млрд доллар сұрап отыр. Бірақ сарапшылар Конгресс мұнша қаржыны бөлмейді деп есептейді. Себебі бұл Украинаға көмек ретінде 4 жылда берілген қаржыдан да көп.
Жәнібек Көпжасар, ирантанушы:
Бұл - үлкен ақша. БАӘ, Бахрейн, Қатар әсіресе осы үш үлкен мемлекет өте үлкен шығынға ұшырады. Әрқайсысына 100-200 млрд доллар арасында шығын келді. Ал Иранның олардың энергетикалық нысандарына жасаған шабуылы бұл елдердің экономикасын бірнеше жылға артқа лақтырып жіберді. Қатар үкіметінің мәлімдеуі бойынша, келген зардапты қалпына келтіру үшін 5 жыл уақыт керек.
Аманкелді Сейтхан, тілші:
Соғыс қанша уақтықа созылатынын болжау қиын. Себебі Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи кеше Киодо агенттігіне берген сұхбатында Тегеран АҚШ және Израильмен атысты тоқтатуға келіспейтінін мәлімдеді. Иран дипломатының айтуынша, Тегеран уақытша бітім емес, қақтығысты түбегейлі шешуге ұмтылады. Сондай-ақ ол Ирандағы жүйе жекелеген тұлғаларға тәуелді емес екенін, жоғары деңгейдегі басшылардан айырылса да соғысты жалғастыра беретінін айтты.
Автор
Аманкелді Сейтхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Наурыз: Ұлттық құндылықтар қалай дәріптеліп жатыр?
22.03.2026, 20:34
Каспий теңізінің тартылуы ел экономикасына қалай әсер етеді?
22.03.2026, 20:10
Жаңа Ата заң: Қандай заңдарға өзгеріс енгізіледі?
22.03.2026, 20:05
Президент: Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды қолға алған жөн
22.03.2026, 20:04
Наурыз мейрамы: Мемлекет басшысы Түркістанға жұмыс сапарымен барды
22.03.2026, 20:02
Қарағанды облысында Наурыз кең көлемде аталып өтті
22.03.2026, 11:23
Алматы облысында Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланды
22.03.2026, 10:15
Шымкентте Наурыз мерекесі жаңа форматта ұйымдастырылды
22.03.2026, 09:10