Басты Жаңалықтар ҚХА XXVI сессиясына арналған концерті Димаш Құдайберген ашты

ҚХА XXVI сессиясына арналған концерті Димаш Құдайберген ашты

Ассамблеяның кезекті сессиясы жылдағыдай концертке ұласты. Бұл жолы салтанатты шараның көркін төрткүл дүниеге таныла бастаған жас талантымыз Димаш Құдайберген ашты. Сондай-ақ, концертте Станиславский және Немирович-Данченко атындағы Мәскеу музыкалық театрының солисі, жерлесіміз Станислав Ли ән шырқады.

Айта кетерлігі, Станислав осыдан 20 жыл бұрын өзімен қатарлас жас өнерпаздармен бірге Елбасымен суретке түскен еді. Бүгін де оған Президент пен дүйім жұрттың алдында  Россинидің «Севиль шаштаразы» операсынан «Фигаро» ариясын орындау бұйырды.

Жалпы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-шы сессиясына арналған концертте түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері өнер көрсетті. Әртүрлі ұлт өкілдерін бір арнаға қосқан бұл шара еліміздің бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі екенін тағы бір мәрте дәлелдей түскендей.

Альбина ӘШІМ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.
 

Бөлісу