Елордада жастарға арналған жұмыс жәрмеңкесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада жастарға арналған жұмыс жәрмеңкесі өтті

27.04.2018

КАЗГЮУ Университеті мұрындық болған бұл шараға Астананың барлық жоғары оқу орындарының түлектері мен магистранттары қатысты. Жәрмеңкеде 100-ден астам отандық және шетелдік ірі компания, мемлекеттік мекемелер болашақ мамандармен сұхбаттасып, бос жұмыс орындарын ұсынды. 600-ден астам студент қатысқан шараны енді жылда өткізу жоспарда бар. Жалпы, КАЗГЮУ Университеті бұл әлеуметтік жобаны көпшілік қолдайтынына және қоғамға пайдасы мол екеніне сенімді.

Асхат Наметша, КАЗГЮУ Университетінің кафедра меңгерушісі:

- Біздегі мақсат – бірлесіп, осындай жәрмеңке өткізу, жас мамандарды жұмысқа орналастыру, жұмыс берушілер мен болашақ мамандар арасындағы барьерлерді алып тастау, олардың арасында осындай ашық алаң орнату. Біз биыл өзіміз ұйымдастырдық, болашақта қаладағы бүкіл университеттер жиналып өткіземіз.

Руслан Сәдуақасов, КАЗГЮУ Университетінің студенті:

- Мұндай жәрмеңкелер біздің университет тарапынан жиі ұйымдастырылады. Осы жәрмеңке арқасында біздің университеттен 100-ге жуық түлек жұмысқа орналасып жатыр. Өзім жайлы айтатын болсам, бүгінгі таңда шетелдік компанияға орналасып жатырмын.

 

Альбина ӘШІМ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу