Басты Жаңалықтар Ақтөбеде академик Әлкей Марғұланды еске алуға арналған халықаралық конференция өтті

Ақтөбеде академик Әлкей Марғұланды еске алуға арналған халықаралық конференция өтті

Ақтөбеде академик Әлкей Марғұланды еске алуға арналған «Рухани жаңғыру және археологиялық мұра. Марғұлан оқулары – 2018» атты халықаралық  конференция өтті. Екі күн бойы еліміздің аймақтарынан және Ресей, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғыз елінен келген тарихшылар, археологтар, өлкетанушылар мен этнографтар Қазақстанның киелі жерлері туралы баяндады.

Сондай-ақ, конференцияға академиктің қызы Данель Марғұлан да қатысты. Ол әкесінің осы саладағы еңбектерін айтып еске алды. Шығыстанушы Әлкей Марғұлан Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихын зерттеген. Әйгілі Беғазы-Дәндібай мәдениетін алғаш ашқан. Әрі археология және этнография мектебінің негізін қалаушы.

Данель Марғұлан, Ә.Марғұланның қызы:

Мен осыған дейін Ақтөбеде болған емеспін. Ерекше әсерде тұрмын. Өткен ғасырдың 50-ші жылдары әкем батыс өңірінде қазба жұмыстарын жүргізді. Кейін, ол батыстан шығысқа қарай 1000 шақырым жүріп, Шыңғыстау, Тарбағатай тауларын аралады.

Бөлісу