Басты Жаңалықтар Аягөзде су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау мақсатында қайырымдылық концерті өтті

Аягөзде су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау мақсатында қайырымдылық концерті өтті

«Туған жерге сағыныш». Шығыс Қазақстан облысына қарасты Аягөз қаласында өңірдің тумасы, ақын-сазгер Асхат Сүйіндіктің қайырымдылық кеші өтті. Шығармашылық шара су тасқынынан зардап шеккендер мен науқас бала Іңкәр Аманжолованы қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Оған бүйрегін ауыстыру үшін күрделі операция жасалмақ. Ақын-сазгер Асхат Сүйіндік Аягөз ауданы Тарбағатай ауылының тумасы. Ол тұңғыш шығармашылық кешін туған жерінде өткізді. Асхат Оңғарұлы 100-ге тарта өлеңнің авторы, 70-ке жуық әнге сөз жазған. Қайырымдылық шарада Асхат Сүйіндіктің өлеңдері оқылып, әндері орындалды. «Бұл шара су тасқынынан кейінгі елдің еңсесін көтерді», - дейді көрермен. 

Жанарбек Бекбай, көрермен:

- Рухани демалып отырмыз. Бұл - елге сағыныш, елге құрмет. Халықтың ынтымағын, берекесін көрсетіп отыр. Бұрыннан келе жатқан салт-дәстүрді жаңғыртып, қайырымдылық көрсету, имандылық жағын жоғары қойып отырғандығын көріп отырмыз.

Серікзат Дүйсенғазы, ақын:

- Елге әркім шамасының келгенінше үлес қосуы керек. Біздің Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында туған жер мәселесі айтылған. Туған жерге әркім көмектесу керек. Бизнесмен бизнесімен, ақын өлеңімен, композитор әнімен, әнші өнерімен, суретші суретімен.

 

Р.МАДВАСОВА

Бөлісу