Сенат депутаттары «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысымен танысты. Жоғарғы палатаның көшпенді отырысында қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов мекеменің қазіргі жағдайы мен болашаққа жоспарларын баяндап берді. Орталықтың басты бағыттары – отандық қор нарығын дамытып, ислам қаржыландыруы, жеке тұлғалар мен мемлекеттік қор активтеріне халықаралық басқаруды енгізу, сондай-ақ, жаңа технологиялар мен қаржы өнімдерін жетілдіру. Айта кетерлігі, «Астана» қаржы орталығының ресми ашылу салтанаты жазға жоспарланған. Қазір бұл ұйымның толыққанды жұмыс істеуі үшін қажет шаралар пысықталып жатыр. Сенат депутаттары болса, өз тарапынан тиісті жұмыстарды атқарғанын айтады.
Бақтыбай Шелпеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Экономикалық мәселелерге байланысты заңдар түгелімен қабылданды. Бүгінгі таңда бізге сұраныс түсіп жатқан жоқ. Дегенмен, қазір біз өз көзімізбен көріп, пікірлесіп, қандай бағытта бізге байланысты мәселелерді шешу қажеттігін қарастырудамыз.
Альбина ӘШІМ