Қостанай қаласының жедел жәрдем автопаркі жаңарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай қаласының жедел жәрдем автопаркі жаңарды

19.12.2017

Қостанай қаласының жедел жәрдем станциясы жеті жаңа көлікпен толықты. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 223 млн.теңге қаражат жұмсалды. Реанимобильдер қажетті құрылғылармен толық жабдықталған. Науқастарға халықаралық талаптарға сай көмек көрсетіледі. Бүгінде облыс бойынша барлығы 39 жедел жәрдем автокөлігі бар. Соның 16-сы облыс орталығы ішінде жұмыс істейді. Жалпы, өңірдің жедел жәрдем бекетіне жыл сайын 1 млрд. 700 млн теңге бағытталады. 

Сергей Стасин, жедел жәрдем станциясының дәрігері:

- Көлік ішінде өкпенің желдетілуін қамтамасыз ететін жасанды аппарат, электрокардиограмма, дефибриллятор құрылғылары орнатылған. Реанимация жасауға қажетті жабдықтардың бәрі бар. Яғни, науқасқа медициналық көмекті стационарға жеткенше көлік ішінде көрсете беруге болады.

Хабарламаларға жазылу