Басты Жаңалықтар ТМҰ – бейбіт ынтымақтастық құрылым

ТМҰ – бейбіт ынтымақтастық құрылым

2009 жылы Қазақстанның бастамасымен құрылған Түркі елдерінің кеңесі бүгінде белді халықаралық ұйымға айналды. 2021 жылы Ыстанбұлда өткен сегізінші саммитте Кеңесті Түркі мемлекеттерінің ұйымы деп атау туралы шешім қабылданды. Ұйым мүшелері негізгі төрт бағыт бойынша ынтымақты арттыруға мүдделі. Олар мәдени және гуманитарлық бірлік, экономикалық интеграция, көлік және логистика мен саяси диалогты тереңдету. Бүгінде Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдерде жалпы саны 170 млннан аса халық тұрады. Өзара ортақ сауда айналымы 50 млрд долларға жуық. Түркі мемлекеттері ұйымы Шанхай ынтымақтастық ұйымы немесе солтүстік әскери блок секілді саяси-әскери альянс емес, көпбағытты әрі бейбіт ынтымақтастық құрылымы дейді мамандар.

Нежметтин Мутлу, халықаралық саяси сарапшы:

Түркі мемлекеттері ұйымының құрылудағы ең негізгі мақсаты - тілі мен тарихы бір, құндылықтары ортақ бауырлас елдерді жақындастыру, ынтымағын арттыру еді. 15 жылдан астам уақытта бұл бағытта көптеген нәтижелі жұмыстар атқарылды. Алайда Түркі мемлекеттері ұйымы ешқашан әскери күш біріктіру, қарулы кикілжіңдерге араласу сияқты бағытты ұстанған емес, ұстанбайды да.

Бөлісу