«Әділет» партиясының Әйелдер қанаты ұсыныстарын ортаға салды
«Әділет» партиясының Әйелдер қанаты бизнес, цифрландыру және әлеуметтік саланы дамыту мәселелерін талқылады. Президент Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыруға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Әсіресе ауыл әйелдерінің кәсіп ашуына мүмкіндік беру, сапалы білім мен медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мәселелері көтерілді. Қатысушылар білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу, ерекше балаларды қолдау және медицина мамандарының еңбек жағдайын жақсарту қажеттігін айтты. Енді ұсыныстар Құрылтай депутаттарымен бірлесіп пысықталып, заңнамалық шешімдер әзірлеуге негіз болмақ.
Айсұлу Сүлеймен, Құрылтай депутаты:
Президентіміз еліміздің алдында нақты мәселе қойды. Ол халықтық цифрлық экономика құру. Қарапайым тілмен айтсақ, осы жаңа технологияларды пайдаланып, халықтың пайдасына жарату. Мысалы, ауылдағы әйел өз кәсібімен айналысып, ауыл шаруашылығғы өнімімен айналысып отырса, ол тек ауылында ғана сата алады. Ал цифрландыру алаңдары арқылы ол бүкіл Қазақстанға да сата алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы