БҚО-да «Халықтық құрылыс» бағдарламасын талқылады
Батыс Қазақстан облысына барған Құрылтай депутаттары жұртшылықпен кездесіп, жолдаудың маңызды бағыттарын кеңірек түсіндірді.
Әуелі жоғары оқу орнында жастардың стартап жобаларымен танысты. Жастар жасанды интеллекке негізделген технологияны тез меңгеріп жатыр. Президент те жолдауда заманауи әдісті білім саласына тереңдетіп енгізуге тапсырма берген еді. Кездесуде сондай-ақ өңірге қатысты инфрақұрылымды дамыту, энергетикалық тәуелсіздікті нығайту, құрылыс жобаларын көбейту мәселелері талқыланды. Депутаттар жолдаудағы тапсырмаларды орындау үшін жоспар сызылып, жұмыс тобы құрылғанын, «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында тиісті қаражат Орал өңіріне де бөлінетінін жеткізді.
Снежана Имашева, Құрылтай депутаты:
Тағы бір мәселе, біздің елге жақын – жол мәселесін Президент айқындады. Бүкіл жолдарға бір мемлекеттік орган жауапты болсын деді. Келесі 3 жылға бюджет қарастырылып жатыр. Президент айтқан қаражат бөлініп жатыр қазір бюджет аясында. Әрине жол құрылысына, басқа да нысандар құрылысына ақша қарастырылады. Осы жылдың аяғына дейін 1,5 трлн теңге ақша бөлінді. Әрі қарай да үш жылға бөлінеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы