БҰҰ қазақ тілін ЖИ жүйесіне қосты
Халықаралық технологиялық кеңістіктегі қазақ тілінің аясы кеңейіп келеді. Ана тіліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі – Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының субтитрлеу жүйесіне енгізілді. Осылайша WIPO-дағы 20 тілдің қатарына қосылды. Бұл бастама отандық ғалымдар, өнертапқыштар мен сала мамандары үшін үлкен мүмкіндік. Енді олар әлемдік аренадағы пікірталастарды ұлттық сөз өрнегінде нақты сол уақыт режимінде тамашалай алады. Жағымды жаңалық Женевада өткен Зияткерлік меншік және жасанды интеллект жөніндегі жаһандық форумда жарияланды.
Қайрат Төребаев, ҚР ДСҰ және Женевадағы басқа да экономикалық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі:
Алғаш рет қазақ тілі осы ұйымның ЖИ арқылы жасайтын аударма жүйесіне енгізілді. Енді әлемнің түкпір-түкпірінен келген сарапшылардың сөздерін қазақ тілінді бірден оқуға болады. Бұл Қазақстанның Женевадағы тұрақты өкілеттіктің нақты бір жұмысының нәтижесі деп сенемін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы