Басты Жаңалықтар «Халықтық құрылысқа» павлодарлық диаспора да үлес қосады

«Халықтық құрылысқа» павлодарлық диаспора да үлес қосады

«Халықтық құрылыс» жылында Қазақстанның қарыштап өсуіне Павлодарда тұрып жатқан шешен-ингуш ұлтының өкілдері барынша үлес қоспақ. Себебі, вайнах үшін кіндік қаны тамған жер ерекше қасиетке ие. Бұл ретте жергілікті ақсақалдар қандастарына осы бастан тапсырма жүктеп жатыр. Мәселен кәсіпкер азаматтар елдің дамуына берекелі істерімен үлес қосады. Ал талантты жастар оқуда да, өнерде де басқа ұлт өкілдерімен қол ұстаса қатар жүреді. Достық пен татулықтың шынайылығы сонда білінеді, - дейді Ғелани Садулаев. 70-ке таяп қалған ел ағасы Аққулы ауданында туған. Еңбекпен есейіп, ауылдың да, қаланың да тұрмысын көріпті.

Ғелани Садулаев, Павлодар тұрғыны:

Бүгінгі жағдайды бәріміз көріп отырмыз, дүниежүзінде не болып жатқаны. Сондықтан бізде бірлік болуы керек. Бір бірімізді бөле жаруға жарамайды ондай жағдай. Іріткі салатындар болады арамызда. Оларға заң бар, үкімет бар. Соғыс жоқ, тыныштық. Соған жетер не бар? Зауыттар салынып отыр. Жұмыс беріп отыр. Барлық жерде жақсылық болып отыр. Соған сеніп отырмыз. Жақсылық болады алда.

Бөлісу