Бейжіңде Қазақстан Президентінің Жолдауын талқылады
Бейжіңде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы талқыланды. Жиын барысында Қазақстандағы тың өзгерістер мен президенттің халықаралық бастамалары туралы айтылды. Дөңгелек үстелге Қытайдың жетекші ғылыми-зерттеу және сараптамалық орталықтарының өкілдері қатысты. Оларға әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттары, цифрлық трансформация, жасанды интеллект, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту сияқты басым бағыттар бойынша мәлімет берілді. Бірқатар сарапшы баяндама жасап стратегиялық құжатқа қатысты пікір білдірді.
Сяо Бин, Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясы Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының сарапшысы:
Президент Тоқаев Жолдауында логистикалық инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән берген. Бұл Қазақстан халықаралық жүк тасымалын ұйымдастырушы мемлекетке айналады деген сөз. Көлік дәліздері жергілікті өнеркәсіптің дамуына ықпал етіп, қазақстандық кәсіпорындардың Еуразиядағы өндірістік байланыстарға қатысуына жол ашады. Осылайша елдің географиялық артықшылығы ұзақ мерзімді экономикалық табыс көзі болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы