Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жатақханасында жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жатақханасында жарылыс болды

19.12.2017

Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жаңа жатақханасында жарылыс болды. Ғимараттың бірінші қабатындағы пәтерде газ баллоны атылып, екі адам зардап шеккен. Дәрігерлердің қабылдауында болған 25 жастағы әйел адамның беті мен мойнын 1-ші және 2-ші дәрежелі термикалық күйік шалған. Ол амбулаториялық ем алып жатыр. Жалпы, екеуінің де жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Бірақ, 31 жастағы ер адамның нақты қал-ахуалы туралы мамандар аурухананың ішкі тәртібіне байланысты ештеңе айта алмаймыз дейді. Өртті сөндіруге 11 адам мен 3 техника тартылған.

Әміржан Қадыров, БҚО ТЖД бас маманы: 

 - Достық даңғылы бойындағы бес қабатты 162 үйдің №1 пәтерінде сыйымдылығы 220 грамм газ-ауа қоспасы жарылған. Соның салдарынан сол пәтердің есік-терезелері жұлынған. №2 пәтердің кіреберіс есігіне де зақым келген.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу