Басты Жаңалықтар Соңғы 10 жылда елімізде айыпталушылардың тек бір пайызға жуығы ақталған

Соңғы 10 жылда елімізде айыпталушылардың тек бір пайызға жуығы ақталған

Бұған құзырлы мекемелерде қалыптасқан кері пікір себеп. Өйткені, оларда сотқа жеткен іс қайткен күнде дәлелденіп шығуы керек деген жаңсақ ой қалыптасқан. Бұл туралы елордада өткен «Күдікті мен айыпталушы» атты форумда айтылды.  Шетелдік және отандық білікті мамандар азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды талқылады. Соңғы жылдары құқық қорғау қызметкерлерінің айыпталушыларды азаптау фактілері де жиілеген. 2012 жылы 27 дерек тіркелсе, биылғы жылдың 10 айында 100-ден астам шағым түскен. 

Асхат Жұмағали, Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының директоры:

- Біздің құқық қорғау органдарында ақтау үкімі жұмыстағы ақау деп бағаланады. Бұл әрине, дұрыс емес. Мәселен, айып таққан тергеуші кейде өз шешімдеріне байланып қалады.  Азаматтың кінәлі емес екенін біліп қалса да, барынша дәлелдеуге тырысады. Себебі, оған қол жеткізбесе, жазаланады.

Бөлісу