Осыған байланысты Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері 9 бағыт бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумдағы негізгі бағыттардың бірі - телекоммуникациялық саланы қорғау, ғылыми бағдарламалар және ақпараттық қорғау жүйелерін жетілдіру. Қазір бұл саладағы мамандардың санын арттыру да көзделді. Сондықтан, IT мамандығына бөлінетін гранттар келер жылы 500-ге жетуі мүмкін. Аталған министрліктің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері «әлі алда атқарылар шаруа көп», дейді. Өйткені, қазір әлемде кибершабуылдар көбейіп, ақпарат ұрлаушылардың саны артып отыр.
Руслан Әбдіқалықов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары:
- Біздің жұмылып атқаратын жұмысымыз елімізді түрлі қауіп-қатерден құтқарады. Президенттің тапсырмасымен құрылған кибер қалқанның да ақпараттық қауіпсіздікті сақтаудағы ықпалы зор. Біз қорғануды үйрендік. Енді түрлі ақпараттық шабуылдардың алдын алуды игеруіміз қажет.
Мирас МҰҚАШ