Басты Жаңалықтар Елбасы сенімін ақтаған Есімов

Елбасы сенімін ақтаған Есімов

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ел игілігі үшін Елбасымен бірге еңбек еткен азаматтар аз болған жоқ. 26 жылдығын тойлағалы отырған егеменді елдің биылғы жылы ауыз толтырып айтатын жобасы әрине, ЭКСПО көрмесі. Абыроймен өткізілген халықаралық шараның басы-қасында болған азаматтардың бірі жайында келесі материалда.

Ахметжан Смағұлұлы Алматы облысының Қаскелең ауылында 1950 жылы 15-желтоқсанда дүниеге келген. Алматы қаласында білім алды, еңбек жолын Инженер-механик болып бастады. Кейін Алматы облысы әкімшілігінің басшысы, Премьер-министрдің орынбасары, Мемлекеттік хатшы, Президент әкімшілігінің жетекшісі, Ауыл шаруашылығы министрі, Алматы облысының және Алматы шаһарының әкімі болып қызмет атқарды. «Қазір осының барлығын еске алып, тынымсыз бейнеттің бағаланып, еңбек жолындағы өрлеу түгелімен Тәуелсіз ел болғанымыздың арқасы», - дейді Ахметжан Есімов.

Ахметжан Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының төрағасы:

- Ең бірінші, Тәуелсіздік ол еліміздің, ұлтымыздың дамуына жол ашты деп айтуға болады. Сондықтан, оның мағынасы өте зор. Бұл - мемлекетіміздің ең ұлы мерекесі. Осы мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Еліміз өсіп өркендей берсін. 

Ахметжан Смағұлұлына түскен ең үлкен жүк «Астана ЭКСПО» көрмесіне төрағалық еткен сәт. Халықаралық көрменің басталуына 21 ай қалғанда Елбасы ЭКСПО-ның тізгінін Ахметжан Есімовке ұстатты. Құрылысы әлі басталмаған, қатысушы елдермен дайындық жұмысы жүргізілмеген. Бірақ, талай қиындықтан өтіп, әбден ысылған маман құрылысын уақытылы аяқтап, көрменің жоғары деңгейде өтуіне бар күшін салды. Ең бастысы, елдің және Елбасының сенімін ақтады.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Бөлісу