Енді халық санын күнде біліп отыруға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді халық санын күнде біліп отыруға болады

13.12.2017

Бүгін елімізде сағат 17:00-ге дейін 741 сәби дүние есігін ашса, 278 адам бақилық болды. Жалпы өсім 453 адам. Мұндай мәліметтерді бүгіннен бастап, әр тұрғын Статистика комитетінің ресми сайтынан ашылған арнайы парақшадан біле алады. «Қазақстан халқының есептеуіші» деп аталатын парақшадағы ақпар бойынша, дәл қазіргі сәттегі халық саны 18 млн. 146 мың 263 адам. Сандар 1,5 минут сайын жаңарып отырады. Себебі, әрбір 81 секундта бір бала өмірге келеді екен. Сондай-ақ, жаңа қосымшада иммигранттар мен эмигранттар жайлы да мәліметтер бар. Алдағы уақытта аталған жүйенің деректер базасы жетілдірілетін болады.

Нұрболат Айдапкелов, Статистика комитетінің төрағасы:

- Болашақта мұның бәрі жетілдіріліп, болжау мерзімін 2 жылдан 5 жылға ұзартуды қарастырамыз. Ол үшін жақсы жұмыстар атқаруымыз керек. Сол сияқты болашақта аймақтар бойынша ақпараттар орналастыруға болады. Яғни, Астана, Алматы және облыстағы халық санының өзгеріп жатқандығы сияқты. Соның бәрін жетілдіретін боламыз.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу