Ондағы екі гектарға жуық аумаққа әзірге қияр өсіріледі. Мамандар голландтық технологияны қолданып, жылына 550 мың тоннаға дейін өнім жинауды көздеп отыр. Ал, келер жылы тағы бес гектар аумаққа қызанақ салу жоспарланған. Жылыжай жекеменшік қаржыға салынды. Соған қарамастан, бизнестің әлеуметтік сала алдындағы жауапкершілігін ескерген кәсіп иелері өнімді нарықтағыдан 20 пайыз арзанға сатады.
Аңсат Жаңатаев, жылыжай директоры:
- Шекараға жақын Ресей қалаларына жібереміз. Омбы, Новосібір, Барнауылдағы сауда нысандарымен келісім бар. Еліміздің ішкі нарығындағы әлеуметтік дүкендермен жеке жұмыс істейміз. Яғни, біздің өніміміз ардагерлерге, аз қамтылған отбасыларына тиімді бағамен сатылады. Ал, экспорттық өнім бағасы мейлінше қымбат болады.
Болат АМАНБАЕВ