Үкімет отырысында бюджеттің атқарылу барысы қаралды
Бюджеттің қаржысын толығымен игеріп бітуге бірнеше күн ғана қалды. Аймақтар мен министрліктер желтоқсанның 20-на дейін қаражатты игеруі қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Үкімет басшысы «бюджет қаржысы жіті бақылауда болуы тиіс» деп ескертті. Сондай-ақ, отырыста қаңтар мен қараша айларында еліміздің экономикалық көрсеткіші 3,9 пайызды құрағаны белгілі болды. Ал, жалпы ішкі өнімнің өсімі 4 пайыз деңгейінде болжанып отыр. Демек, ел экономикасында тұрақты өсім байқалуда. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 2016 жылмен салыстырғанда 2,8 есеге артып, 5,7 пайызға жеткен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Халықтық құрылысқа» павлодарлық диаспора да үлес қосады
11.11.2026, 14:15
Түркі мемлекеттері ұйымы – бейбіт ынтымақтастық құрылым
11.11.2026, 14:14
БҰҰ қазақ тілін ЖИ жүйесіне қосты
11.11.2026, 14:12
Бейжіңде Қазақстан Президентінің Жолдауы талқыланды
11.11.2026, 14:10
Қайтарылған активтер есебінен Зеренді ауылында заманауи спорт нысаны салынды
11.11.2026, 14:08
«Әділет» партиясының Әйелдер қанаты ұсыныстарын ортаға салды
11.11.2026, 14:07
БҚО-да «Халықтық құрылыс» бағдарламасын талқылады
11.11.2026, 14:05
Екпе салдыртқан азаматтарға SMS-хабарлама келеді
11.11.2026, 14:04