Алматыда Нұрмахан Оразбектің 80 жылдық мерейтойына орай жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Нұрмахан Оразбектің 80 жылдық мерейтойына орай жиын өтті

12.12.2017

«Нұрмахан Оразбек журналист-публицист және баспагер». Алматыда осындай атаумен танымал тұлғаның 80 жылдық мерейтойына орай алқалы жиын өтті.

Шараға оның замандастары мен үзеңгілестері, достары, ізбасарлары және шәкірттері қатысты. Басқосуда жиналғандар баспагер жайлы естеліктерімен бөлісті. Нұрмахан Оразбектің журналистика саласына қосқан сүбелі үлесін айтып, жатаға үлгі етті. Сондай-ақ, әріптестері оның шығармашылығынан сөз тарқатып, еңбегін зерттеуді қолға алу керектігін жеткізді.

Ғазизбек Тәшімбай, журналист:

- Ол кісінің бір мінезі бар еді. Қатал мінезі болатын. Бірақ, әділ еді. Әділдігі - қолыңнан іс келсе, сен қалай жүрсең олай жүр еңбекті атқарсаң саған жақсы қарайтын. Ал, енді жаңағы жалпақшешейліккес алынып, жалқаулыққа салынып босайтын болсаң қатты айтатын.

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу