Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай Қарағандыда жастар форумы өтті. «Ел жүрегі-Астана» деп аталатын шараға жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, жастар ұйымдарының белсенділері және зиялы қауым өкілдері қатысты. Елдің саяси орталығы ғана емес, ғылым мен мәдениеттің ордасына айналған бас шаһар бүгінде - жастардың қаласы. 20 жылда Астана халқы 3,5 есе өсіп, тұрғындар саны бойынша ең жас миллионер шаһарға айналды. Ал, көлемі бойынша бұрынғы 258 шаршы шақырым ғана болған елорда жалпыхалықтық құрылыстың арқасында 800 шаршы шақырымға дейін өсті.
Дәурен Рахымбек, студент:
- Астана қаласы қазіргі таңда ең көрікті, ең жас қалалардың бірі. Біз Астана арқылы көптеген мемлекеттерге де танылып жатырмыз. Мұның үлкен бір дәлелі «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің өтуі.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ