Басты Жаңалықтар Брендтеу бағдарламасы басталды

Брендтеу бағдарламасы басталды

Зергерлер мен қолөнершілердің басын біріктіріп, бұйымдарын брендтеу керек. Сонда тауардың танымалдылығы ішкі ғана емес, халықаралық нарықта да артады. Осыған орай Астанада брендтеу бағдарламасы бастау алды. «Жалпы, қазір әркім өз бетінше әрекет етіп, туындыларын жарнамалап жүр», - дейді «KazBrands» қоғамдық қоры. Ал, бұйымдардың сапасын анықтайтын ортақ талаптар жасалып, бір стильде брендтелу енгізілсе, өтімділігі өседі.  

Жанбике Қайкенова, «KazBrands» қоғамдық қорының президенті:

- Біздің брендмейкер мамандарын дайындайтын мақсатымыз бар. Олар консалтингтік көмек көрсетсе дейміз. Әрине, біз осы сұрақтың әдістемелік жағын шешуге талпындық. Сол себепті, екі мықты әдіскердің кеңесіне жүгіндік. Енді анықтамалық кітап жасап шығарамыз. Сондай-ақ, үздік қолөнершілерді анықтайтын жоба қажет. Өйткені, тарихты таңбалап, мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді темір, ағаш не мата бетіне бейнелейтін солар ғой.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Бөлісу