Еліміздің жаңа мүфтиі болып Серікбай қажы Ораз сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің жаңа мүфтиі болып Серікбай қажы Ораз сайланды

08.12.2017

Алматыда өткен Қазақстан мұсылмандарының сегізінші құрылтайында бұл қызметке 300 делегаттың дауыс беруімен Серікбай қажы Ораз сайланды.

Құрылтай жұмысына Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, дін өкілдері, ғұламалар кеңесінің мүшелері, теолог-ғалымдар, зиялы қауым мен еліміздің әр облысынан келген делегаттар қатысты. Алқалы жиын барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2013-2017 жылдар аралығында атқарған іс-шараларының есебі тыңдалды. 

Серікбай Қажы Ораз, Бас мүфти:

- Мен осы үлкен қызметті бар күш-жігеріммен, әрине, әріптестерімнің көмегімен қоғамымыздағы дұрыс жан-жақты болған имамдар ортасын қалыптастыра отырып, Ислам діні өкілдерінің және дәстүрлі Исламның, қазақ исламтану діни мектебін жаңғырта отырып, алдымызға қойған мақсатты, жұмыстарымызды бірге атқарамыз деп ойлаймын.

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу