Елбасы кітапханасында «Туған жерім» атты 13-ші республикалық балалар шығармашылығы қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы кітапханасында «Туған жерім» атты 13-ші республикалық балалар шығармашылығы қорытындыланды

08.12.2017

Балалардың сурет байқауы көрмемен аяқталып,  жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтті. Іс-шара еліміздің Тәуелсіздік күніне және елорданы Астанаға көшірудің 20 жылдығына арналған. Биылғы байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 400-ден астам жұмыс ұсынылған. Қатысушылар – 10–16 жас аралығындағы көркемсурет мектептерінде және өнер мектептерінде оқитын дарындылар. Жыл сайын конкурс шарттары бойынша орындалу техникасы ұйымдастыру комитетімен жеке келісіледі. Қатысушылар қазылар алқасының назарына кескіндеме техникасы, мүсін және әр түрлі техникаларда орындалған сәндік-қолданбалы өнер туындыларын ұсынды.

Күләш Ақтаева, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы директорының орынбасары:

- 2004 жылы басталған республикалық сайыс қазіргі кезде өте өзекті мәселелерге – болашағымызға арналған деп айтуға болады. Сондықтан, Елбасы кітапханасының міндеті - Елбасының идеяларын, тұжырымдамаларын, болашаққа ұмтылған Қазақстанның іс-шараларын көрсету.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу