9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні

07.12.2017

БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясына Қазақстан 10 жылдан бері белсенді қатысады.

«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру мақсатында 59 жаңа заң қабылданды. Тәуелсіздік алғаннан бері 5 мемлекеттік бағдарлама жүзеге асты. Бүгінде 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия жұмыс істеп келеді. Қазақстан – халықаралық әріптестермен ынтымақтастық шекарасын кеңейту барысында Франция, Испания, Италия, Түркия, Біріккен Араб Әмірлігі, Эстония және Латвия сынды 30 елмен өзара әрекеттестік туралы құжатқа қол қойды. БҰҰ конвенциясына сәйкес бұл бағытта әлемнің 174 мемлекеті өзара ынтымақтаса жұмыс істеуде.

Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні қарсаңында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен 8-желтоқсан күні дәстүрлі конференция өтеді. Онда қаралатын негізгі мәселенің бірі – қылмыскер деп танылып, заңсыз жолмен миллиардтап тапқан қаражатымен шетелде жасырынып жүргендерді Қазақстанға қайтару туралы болмақ.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу