Қазақстандық туристік өнімнің негізі - этнотуризм болуы қажет
Қазақстандық туристік өнімнің негізі - этнотуризм болуы қажет. Яғни, еліміздің табиғаты мен мәдениетін насихаттай отырып, шетелдіктерді тарта аламыз. Бүгін туристік өнімдерді дамыту мәселелерін талқылауға жиналған мамандардың айтқаны осы. Сарапшылардың сөзінше, туризмді дамыту үшін түрлі фестивальдер мен этникалық нышаны бар іс-шараларды өткізу маңызды. Ал, «Қазақ туризм» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы Рашит Күзембаев е-туризм электронды порталын қалыптастыруды ұсынды. Яғни, цифрландыру саясаты кезінде бұл үлкен қадам болмақ. «Аталмыш жүйе - тек туристер үшін ғана емес, бизнес пен мемлекет үшін де тиімді», - дейді ол.
Жалпы, жиынға шетелдік сарапшылар, мемлекеттік құрылым басшылығы, туристік бизнес өкілдері қатысты. Конференцияда көтерілген тағы бір мәселе - туризм саласының ғылыми бағыттағы негіздемесі.
Орденбек Мазбаев, Еуразия Ұлттық университетінің профессоры:
- Егер де ғылыми тұрғыда Жоғары оқу орындарының жанында немесе жаңадан ашылған құрылымның жанында ғылыми зерттеу орталығы ашылған болса, Қазақстан туризмі 2-3 жылдың ішінде оның әлеуетінен пайдалануға жағына көшуге, оның іске асыру механизмін берер едік.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы