Индустрияландыру бағдарламасы арқылы 1000-нан астам жоба жүзеге асырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индустрияландыру бағдарламасы арқылы 1000-нан астам жоба жүзеге асырылды

06.12.2017

Индустрияландыру бағдарламасының алғашқы бес жылы өндірістің дамуына дем беріп, бұл бағытта 1000-нан астам жоба жүзеге асырылды. Олардың басым бөлігі энергетика және металлургия салаларында. Мәселен, Тәуелсіздіктің алғашқы жылы еліміз 25 млн. тонна мұнай өндірсе, 2000 жылы – 35 млн, 2013 жылы – 81 млн, ал, 2017 жылы бұл көрсеткіш 85 млн. тоннаға жетіп отыр. Электроэнергетика да 25 жылда жаңарып, жаңғырды. 10 жылда бұл салаға 1 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылып, 5000 Мегаватт жаңартылды. Екібастұздағы ГРЭС-1, ГРЭС-2 жөндеуден өтсе, оған қосымша Мойнақ, Ақсуда ашылған станциялар 3000 Мегаватт қуат алуға мүмкіндік берді. Көмір өндіру де қарқынды дами бастады. Қазір жылына 100 млн. тоннадан астам қатты отын алынады. Уран өндіруден Қазақстан көш бастап, қазір әлем бойынша уран нарығының 40 пайызы біздің елге тиесілі.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу