Өңірдің инвестициялық ахуалын дамытуға бағытталған нысан 400 гектар жерді алып жатыр. Аумаққа инженерлік инфрақұрылымдар тартылған. Ол жұмыстарға 2 млрд. теңгеден артық қаражат жұмсалды. Алғашқы болып инудстриалды нысанда лифт шығаратын зауыт іске қосылады. Ресейлік кәсіпкерлер бастамашы болған жоба жылына екі мыңға жуық жеделсаты шығаруға қауқарлы. Кәсіпорын өнімдері ішкі нарықтан бөлек, Орталық Азия және Шығыс Еуропа мемлекеттеріне де экспортталады. Ал, қытайлық кәсіпкерлер көлік құрастыру өндірісіне 1 млрд. 200 мың доллар құюға ниетті. Осылайша, екі жыл ішінде өңірде металл өңдеу және химия саласын жетілдіріп, 10 ірі өндіріс ошағы пайдалануға берілмек.
Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі:
- Қостанай облысы шетелдік бизнесмендер үшін қолайлы инвестициялық аймаққа айналады. Бұдан ел қазынасы да еселенеді. Индустриалды аймақ - мемлекетке де, бизнесмендерге бірдей тиімді.
Данияр СҰЛТАНҰЛЫ