Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин «Тәуелсіздіктің ең басты жетістіктерінің бірі - мемлекеттің көршілес елдермен шекараны белгілеп алғаны», деді. «Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында барлық периметр бойынша қазіргі уақытта тату көршілік қатынас орнады» деді төменгі палата спикері. Мәжіліс бүгін Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы құжатты мақұлдады. Келісімнің басты мақсаты - Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы шегенделген мемлекеттік шекара сызығын халықаралық құқықтық негізде бекіту. Келісім күшіне енгеннен кейін мемлекеттік шекара сызығын сақтау мақсатында 10 жылда бір рет бірлесіп тексеру көзделген. Қазақстан, Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде алғашқы болып Түрікменстан елімен осындай шартқа қол қойып отыр.
Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Қазақстан-Түрікменстан арасындағы достық ауанындағы диалогтың қалыптасуына Мемлекет басшыларының жеке сенімді қарым-қатынастарының арқасында қол қойды.
Индира БЕГАЙДАР