Алматылықтар танымал журналист Геннадий Бендицкийді ақтық сапарға шығарып салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылықтар танымал журналист Геннадий Бендицкийді ақтық сапарға шығарып салды

06.12.2017

Қоштасу рәсіміне елге танымал қоғам қайраткерлері мен әріптестері және туған-туыстары қатысты. Геннадий Бендицкий осыдан үш күн бұрын Минск қаласындағы ауруханада қайтыс болды. Ол созылмалы ауруға шалдығып, көз жұмды. Бендицкий ұзақ жылдар бойы «КТК» арнасында еңбек еткен.

Сондай-ақ, белгілі журналист «Время» газетінде жұмыс істеді. Ал, соңғы уақытта «Ratel.kz» ақпараттық порталында қызмет атқарды. Бендицкий қоғамдағы түрлі келеңсіздіктерге қатысты ашық әрі ащы мақалаларымен жұртқа кеңінен танылған еді.

Сауытбек Әбдірахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Шын мәнінде бетті, сауатты, азулы және мәдениетті журналист болатын. Оның сын мақалалары Қазақстан қоғамында жұрттың әділдікке сенімін арттыра түсті. Сондықтан, Қазақстан журналистикасы ауыр қазаға душар болды деп айтудың ешқандай артықтығы жоқ. Біз әріптесіміздің өмірден өтуіне байланысты қайғырып, отбасына көңіл айтамыз.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу