2022 жылға дейін энергия беруші ұйымдардың саны 30 пайызға қысқарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2022 жылға дейін энергия беруші ұйымдардың саны 30 пайызға қысқарады

06.12.2017

Соның нәтижесінде энергетикалық компаниялардың ауқымы кеңейіп, иесіз деп танылған электр желілері өңірлік ұйымдарға біріктіріледі. Бұл туралы бүгін Энергетика министрлігінің өкілдері хабарлады. Мамандардың айтуынша, елімізде 160 энергия беруші ұйым бар. Олардың барлығы да талапқа сай емес. Мұнымен қоса, 119 шақырым жердегі электр желісі мен 79 трансформатордың иесі жоқ. Энергетика саласына енген жаңа өзгеріс мұндай олқылықтардың орнын толтыруды көздейді.

Талғат Әбілғазы, ҚР Энергетика министрлігі Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары:

- Бұл норма қабылданбаған жағдайда иесіз жатқан электр желілері иесіз болып жата береді. Өздеріңіз білесіздер, көп проблемалар бар. Ешкім жөндемейді. Бұзылып жатады. Ал, заң қабылданғаннан кейін желілер өңірлік электр компаниясына берілетін болады.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу