Алматыдағы ҚХР консулдығы қытайлық кәсіпкерлер мен студенттерді Қазақстан заңдарын сақтауға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы ҚХР консулдығы қытайлық кәсіпкерлер мен студенттерді Қазақстан заңдарын сақтауға шақырды

05.12.2017

Алматыдағы Қытай Халық Республикасының консулдығы Қазақстандағы қытайлық кәсіпкерлер мен студенттерді Қазақстанның заңдарын сақтауға шақырды.

Бүгін арнайы бас қосқан мамандар көші-қон, салық, қауіпсіздік мәселесіне байланысты екіжақты талаптардың орындалуын талқылады. Сондай-ақ, тараптар қос мемлекетке виза аштыру жағын жеңілдету ісін де қарастырды. Өйткені, қазір елімізде мың жарымға жуық қытайлық студент білім алып жатыр. Ал, 500-ден астам түрлі қытайлық компанияның өкілдері жұмыс істеуде. Тиісінше, соңғы жылдары )ытайда оқитын қазақстандық жастардың да саны артқан.

Чжан Вэй, Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы:

- Бізге әрқашан қытайлық кәсіпкерлер мен студенттердің Қазақстан заңын сыйлағаны, орындағаны керек. Өйткені, екі елдің кәсіпкерлері мен тұрғындарының қарым-қатынасы күн санап дамып келеді. Осы мақсатта сіздердің заң органдарыңызбен бірігіп түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ортақ диалог жасағымыз келеді.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу